Кітаптан үзінді
МАЗМҰНЫ
Алғы
сөз
І-тарау. Көшпелілердің жыныстық тәрбиесінің
ерекшеліктері
Қазақтың жыныстық қатынас мәдениеті
Қазақтың ұлттық мiнез ерекшелiктерiнің
жыныстық қауышуға әсері
Сүндетке отырғызу және оның әсері
Төсек үстіндегі әдептілік
Жар таңдау
Мұсылман діні махаббат пен төсек ләззаты, неке
хақында
Көп әйел алу және әмеңгерлік әдеті
ІІ-тарау. Төсек ләззатының маңызы
Төсек ләззатындағы көңіл-күйдің
рөлі
Әйелдерге
Төсек ләззатының
орны жөнінде
Жыныс жарасымдылығы мен байлықтың байланысы
ІІI-тарау.
Төсек тояты алдындағы махаббат ойыны
Сезімтал
аймақтар
Әйелді қоздыру жайында
Қауышуға дайын болу белгілері
Төсектегі икемділік
Төсек ләззаты – махаббат шыңы
IV-тарау. Еркектің өзін-өзі билей білуі арқылы
төсек тоятына қол жеткізуі
Шауһатты бойдан жылдам жіберіп қою жөнінде
Бойдан жіберуді басқару тәсілдері
Қазақтардың тежеу тәсілі
Арабтардың имсак тәсілі
Үнділердің тантра тәсілі
Қытай даостарының тежеу тәсілі
Американдық қысып қалу тәсілі
Ұзаққа созылған жыныстық қатынас
V-тарау. Тоят алу және жыныс жүйесінің саулығы
Ер азаматтарға
Еркек денсаулығы мен оның ұзақ өмір
сүруі
Қалай тоят алуға болады?
VI-тарау. Мамық төсектегі махаббат ойындары
Қойындасудың қалып-күйлері
Қол ұстасу, шаш сипау, аймаласу ойындары
Сүңгіту мен ырғаудың түрлері
Терең тұнықты бойлау
Сүңгіту жолдары
VІІ-тарау. Белсіздік (әтектік) туралы
Белсіздік қалай белең алады?
Белсіздікті жеңудің қазақи тәсілі
Жұмсақ кіргізу тәсілі
Орыс ғалымдары ашқан тәсіл: емдік мастурбация
Қорытынды сөз орнына
Алғысымды кімге айтар едім
Анықтамалық
сөздік
Алғы сөз
Қазақ
халқы сонау ықылым заманнан өзiнiң қадiр-қасиетiн
қызғыштай қорып, көздiң қарашығындай
сақтап келген. Сондықтан да қазiргi ұрпақ
осынау ұлттық қасиеттерiмiздi ерекше қастерлеп,
мақтан тұтып, осы рухта тәрбиеленгендерi жөн.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп,
ұлттық намысты ту етiп ұстаған халқымыз
«қоянды қамыс өлтiредi, ердi намыс өлтiредi»
дегендi үнемi жадында тұтқан.
Қазiргі кезде еліміздің әдет-ғұрпы,
дәстүр-салты қайта түлеп, жаңаша
жаңғырып жатыр. Қандай тығырықтан
да, соның ішінде күн көріс қиындықтарынан
да ең алдымен рухани жігеріміз бен тектілігімізге табан
тіреу ғана алып шыға алады. Қоғамдағы
әр халықтың тілінде, психологиясында, тұрмысында,
өмір салтында, адамгершілік ережелерінде түрлі-түрлі
өзгешеліктер болады. Оларды мәдениеттен бөліп
алу мүмкін емес және олай істеу шындықты бұрмалау
болады. Қазақ халқының менталитетінде
«жыныстық қатынас» туралы сөз қозғау
көбінесе ұят пен арға келіп тіреліп, көп
жағдайда соның арнасынан шыға алмай қалып
қоюда. Ал, шынтуайтына келгенде, «мәдениет» пен «жыныстық
қатынас» бір-біріне қарама-қайшы емес, өйткені
жыныстық қатынастың нақты мәдениеттен
тыс болмайтыны бесенеден белгілі. Ал мәдениет өз кезегінде
сексуалды-эротикалық компоненттерсіз өмір сүрмейді.
Күнделікті өмірде және медициналық-гигиеналық
әдебиеттерде төсек ләззаты мәдениеті деп
әдетте, адамдардың өздерінің жыныстық
мақсаттарына ойдағыдай және қауіпсіз жолмен
қол жеткізетін білім мен дағдылар жиынтығын
айтады.
Адам анатомиясы мен туу-көбею жүйесінің
физиологиясынан бейхабар, төсек ләззатында шектеулі
ғана қалып-күйден аса алмайтын адам жыныстық
жағынан сауатсыз деп табылады және ол адам мұндай
білімі және дағдысы бар адамға қарағанда
өз сұраныстарын қанағаттандыруда көш
кейін қалып қояды. «Ұлы сөзде ұяттық
жоқ», – деген атамыз қазақ. Демек бұл
жөнінде көп нәрсенің басын ашып қарайтын
уақыт жетті деуге болады. Сонымен бұл шығарма
тән тылсымын, оның беретін ләззатын әлі
толық сезіне білмегендер мен енді ғана жар сүйіп,
оның буына мас болып жүргендерге мейлінше шын көңілден
кеңес берудің қажеттілігінен туындап отыр.
Бұны, бір жағынан, жастар тәрбиесі десек,
екінші жағынан, оның отбасындағы маңызды
саланың тәрбиесі екендігіне дау жоқ. Қымбатты
оқырман, бұл кітаптың жазылу себебі осы тақырыптағы
қазақша кітаптардың аздығына байланысты
болып отыр. Бұл ретте, ірі медик ғалым И. Қарақұловтың
1983-жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қырық
сұрақ» кітабын атаумен ғана шектелеміз. Кейін
бұл кітап толықтырылып, 1989-жылы «Сырласу» деген
атпен оқырмандардың назарына қайтадан ұсынылған
еді. Міне, содан бері талай жылдар өткенімен, осы салаға
қалам тартушылар некен-саяқ, тіпті жоқ десе
де болады. Осы олқылықтың орнын толтыру қазіргі
кезеңнің кезек күттірмейтін мәселелерінің
бірі, өйткені еліміздің егемендік алуына орай халқымыздың
демографиялық өрлеуге шығатын кезеңі келіп
жетті десек, қателеспейміз. Және қазіргі кезеңде
шала сауатты жеңілтек баспасөздің тым көбейіп
кетуі де жыныстық тәрбиеге теріс әсер етіп жүргені
жасырын емес. Өйткені, Торичелли ашқан физиканың
«бос қуысты толтыру» заңына байланысты бұл жағдай
тым ауырлап барады. Мүмкін бұл кітап келешекте Қазақстандағы
сексолог-мамандардың осы тақырыптағы кітаптарының
жариялануын ынталандыратын да шығар. Ишанбай Қарақұлов
ағамыздың кітабы қазаққа жылдам
тарап, үш рет басылып шықты.
Сонымен қатар бұл кітаптың шапағатын
көргендер қатарында көршілес қырғыздар
мен қарақалпақтар да бар, өйткені бұл
еңбек сол елдерде де аударылып жарық көрді.
Бұл кітапты сонау кеңес дәуірінің кертарпалығына
қарамастан жазып, оны тарата алудың өзі де ерлік
болатын. Соңғы жылдарда бұл саладан аз да болса
хабар беретін бір кітаптың шыққаны қуантарлық
жағдай. Ол кітап «Бейпіл сөздер: Қазақтың
эротикалық фольклоры» (2000-ж.) деп аталады. Құрастырған
– көрнекті ғалым әрі белгілі жазушы Ақселеу
Сейдімбек. Кітапта келтірілген мәліметтер мен мысалдар қазақ
мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылатын
жыныстық ерекшеліктер мен төсек ләззаты төңірегіндегі
бейпіл сөздердің ауыз әдебиетімізде де белгілі
орын алғанын айқын көрсетеді. Қазақтың
эротологиялық (күйкелтір) туындыларында жыныс жарасымдылығының
ғарыштық негізінен бастап, күнделікті қолданылатын
тәсілдеріне, күй қоздыру өнерінің
қыр-сырлары, қимыл-әрекеттерге дейін кеңінен
суреттеліп жазылатын. Бұған қоса «төсек
тағылымында» жыныстық қуатты (әсіресе
ер азаматтың қуатын) арттыратын дәрі-дәрмектер
жөнінде де тәптіштей айтылады.
Кезінде мұндай туындыларға айтарлықтай
ерекше мән беріліп, хан сарайларындағы тәуіптік
туындылармен қатар қолданылған. Дәрілік
шөптерді күнделікті өмірде тиімді қолдана
білген халық жыныс жүйесінің самал, соз, мерез
тәрізді ауруларын да емдеп жаза алған. Сол көшпелі
кезден қалған «Ері саудың – елі сау, аурулы
елде – күнде дау» деген нақыл сөзден аурудың
психологиялық, әлеуметтік зардаптарын да баса көрсете
білгендігі айқын сезіледі. Өткен ғасырда қазақ
арасында төсек қызығы жөнінде біршама
хабар берген «Мың бір түн» ертегілерінің ғасырдың
екі жартысында екі адамның аударуымен жарық көргенін
атап өткім келеді. Ол ертегілерде де тұспалдап болсын
әйтеуір төсек ләззаты туралы жазылған.
Соңғы кездері жариялылықты шала-пұла
түсінгендіктен және Батысқа еліктеуден жаңбырдан
кейінгі қалың улы саңырауқұлақтардай
қаптап кеткен рабайсыз жыныстық қатынастарды,
зорлық-зомбылықты насихаттайтын телехабарлар мен мүшесін
айдай әлемге ашып көрсетер шала сауатты басылымдардан
сақтандыру мақсатымен жазылып отырған бұл
кітапқа ойлы көзбен қарап, арасынан алатынын
алып, артық көрінген тұсын сылып тастау өзіңізге
тиесілі.
Бұл кітаптың мақсаты ашық – әдепсіздікке
жол берместен қазақы қауымның қазіргі
кездегі төсек ләззаты мәселесіне айрықша
мән беріп, жыныстық қауышуда әйел мен
еркек арасында үйлесімге қол жеткізу.
Әйелдерге
Кез келген
әйел өз ер азаматын жүрегімен барынша сүйетін
болса, ол оны жыныстық тұрғыдан да бақытты
ете алуға тырысуға тиіс. Өйткені өмір
бір бағытта жүретін көше емес. Бұл екеуара
келісіп, жыныстық өмірді қызықты да тартымды
етудің жолдары.
Жыныстық қатынасты сәтті аяқтай
алмаған еркекке «сен еркек емессің» дегеннен ауыр
сөз жоқ. Бұл ер азаматтың сізге енді қайтып
бар ынтасын салып жыныстық қатынасқа баруына
кедергі болады да тұрады. Мұндай қателіктен
аулақ болғандарыңыз абзал. Тіпті мұндай
балағаттаулар мен басқа да жыныстық қатынасқа
кері пікірлер бірте-бірте кез келген, тепсе темір үзер жігітті
белсіздікке әкеледі. Сондықтан жыныстық қатынастың
өте нәзік психологиясы бізден бір-біріміздің
көңілдерімізге кірбің түсірмейтіндей іс-әрекет
етуді талап етеді.
Мынадай жағдай ылғи да болып жатады. Мысалы,
еркегі әйеліне жыныстық жағынан қауышудың
кейбір қалып-күйін қалыпты жағдай деп
қаншалықты айтқанымен, әйелі оған
көнбей, өз дегенінде тұрады. Тіпті өзі
де жарытып рахаттануды білмей, құмарын қандыра
алмай, жұбайлық ілтипаттан іргесін аулақ салып,
бірте-бірте жыныстық жақындасуға селсоқ
қарайтын болады. Мұның арты әртүрлі
жағдайларға жетелейді. Кейбір еркектер жезөкше
әйелдерге барып өз әйелімен қол жеткізе
алмаған, өзі қалаған қалып-күйде
қауыша алады. Сондықтан жезөкше әйелдер
өз істері үшін ақша алады және оған
еркектер де риза, өйткені өз ойындағыдай бел
босатуына қол жеткізе алады. Сіздің жұбай ретіндегі
жағдайыңыз тым бөлек. Әлбетте, өз
күйеулеріне төсек ләззатынан бас тарта отырып,
қаржылық қысым көрсететін әйелдер
де бар шығар, бірақ олар арамызда көп емес...
Өйткені оған ешкім ақша төлемейді, тіпті
оны өзі де күте қоймайды. Орнына шын берілгендік
пен құштарлық және төсекте тояттану
сезімін күтеді.
Адамдар арасындағы сексуалдық сауатсыздық,
төсек ләззатындағы мәдениетсіздік қауышудың
кейбір жақтары «таза емес» деген ойды көкейімізге
ұялатқан. Ол жөнінде жұбайлар арасында
ашық айтып, пікір алысу «бұл тәсілді, немесе
әдетті кімнен көріп, үйреніп жүрсің?!»
деген күдікті сауалдың тууынан қашқандықтан
жиі бола бермейтіні рас. Олар өздерінің жыныстық
талап-тілектері жөнінде бір-біріне айтудан тіпті қорқады
да. Өйткені бірін-бірі кінәлап, тіпті ара қатынастары
бұзылуы мүмкін деп ойлайды.
Бір-біріңізге төсек ләззатында көмектесуге
тырысыңыздар, себебі төсек ләззатына құлаш
ұру – екеудің тірлігі. Сондықтан тек қана
еркек немесе әйел осы істі басынан аяғына дейін атқарып
шығуы керек деп ойлау тым қате. Сіздер бір-біріңізді
қанаттандырып, құштарлықтарыңызды
қоздырып, бірге қанағат табуға, құшырларыңызды
қандыруға тиістісіздер...
...Қыз баланы
жастайынан дұрыс тәрбиелемегендіктен, оларға
төсек ләззаты дегеніңіз оңбағандық,
тек қана еркектің инстинкттеріне орай амалсыздан төзуге
тура келетін нәрсе деп ұғындырылғанына
байланысты, сондықтан оның төсек тоятын алуы
қиын. Мұндай әйел төсекте тоят алуға
тұла бойы қарсы болып, тіпті «суық әйелге»
айналуы да мүмкін. Төсек ләззатында дұрыс,
көне сүрлеумен өрлеп, рақат шыңына
қол ұстаса шығу адам денсаулығы мен ұрпақ
денсаулығына әсері мол екенін есте ұстаған
абзал.
Төсек ләззатының негізгі мақсаты
– сіздің жыныстық қарым-қатынастарыңызды
ойдағыдай ету, рахат тауып, марқаю. Оны айтпағанның
өзінде, төсек ләззатынан сіздер дүниеге
Бала әкелесіздер. Бұл қауышу тек екеуіңізге
ортақ мәселе. Сіз өзіңіз сүйген
жанға барынша берілуіңіз керек, сонда өзіңіз
де одан соншалықты тояттана аласыз.
Егер неке өнеріндегі кейбір құпияларды
меңгере алсаңыз, әйел ретінде сіз өз өміріңізді
жақсарта аласыз. Сіз еріңіз үшін күнделікті
от басы, ошақ қасының қамымен өмірін
өткізуші ғана емес, сіз оның досы, әйелі,
төсекте сырласатын жары бола аласыз.
Мысалы, сіз өзіңіздің күйеуіңіздің
сізді төсек тоятына жиі жеткізе алмайтынын түсіндіңіз
делік.
Сіздің еріңіздің сізге төсек тоятын
сыйлай алмауының бірнеше себептері болуы мүмкін. Мүмкін
бұл оның кінәсінен, немесе екеуіңіздің
де кінәңізден болуы мүмкін. Бірақ қалай
дегенде де сіз ғана бұл жағдайға ықпал
ете аласыз. Өйткені сізде уақыт, шыдамдылық
және махаббат бар емес пе. Осы үшеуін жұмылдыра
отырып, сіз өз сүйіктіңізді «төсек ләззаты
өнерінде» керемет шеберлік таныта алатын жағдайға
жеткізе аласыз.
И. Қарақұлов өз кітабында: «Ерте
дүниедегі Үндістанда сүйіспеншілік өнері
өте жоғары бағаланған. Сол дәуірде
жазылған махаббат туралы трактатта: «Ақылды әйел
– тән сүйіспеншілігінің шебері. Ол өз
қылығымен ерінің жыныс құмарлығын
арттырудың көп әдісін біледі»», – деп жазыпты.
Әйелдің «кескен томардай» серейіп жатпай, еркектің
қимылдарына өзі де жауап беріп, оның аспабына
қарсы өзінің асыл тұңғиығын
тосып қарсы қимылдармен көмектескені жөн.
Кейбір әйелдер аяқтарын көсілтіп өзінің
кәусар бұлағына еркек ұлы мүшесін
бойлата кіргізсе болды деп ойлайды. Қайталап айтамын, бөкселеріңізбен
адуынды жұмыс істеп, еркектің аспабына өзіңіздің
асыл тұңғиығыңызды тоса қимылдауыңыз
қажет. Егер де әйел мұндай қимылдарды
ұят санаса, қимылдамастан төсекте тыныш жатса,
онда жыныстық қауышудың әншейін жұбайлық
борыш ретінде ғана болғаны. Және ерте ме, кеш
пе еріңіздің сізбен жасалатын қауышудан тоят
ала алмағандықтан, басқа жерден ләззат
іздеуіне сара жолды салып беруіңіз мүмкін, тіпті ол
өзге әйелге кетіп қалуы да ықтимал. Сондықтан
төсекте тоят алу шеберлігін меңгере білу ер адамның
сүйіспеншілігін еселеп арттырып, оны өз жаныңызда
ұстаудың бірден-бір көзі болып табылады. Сол
себепті бір ғана қалып-күйде көрпе асты
ойынын ойнауды өзгертіп, өзіңіздің жұбайыңызды
құшақтап, аяқтарыңызды айқастырып
оның ырғағына қарай қимылдасаңыз,
жаныңыз жай тауып, керемет ләззаттанып, рақат
шыңының ұшар басына шығасыз.
Әйелдер еркектеріне бар пейілімен берілгенде ғана
еркектер де солай жауап қатады. Ондайда құшағыңыз
лаулап, ал төсек үстіндегі арпалыс сізді өз
шапағатына бөлейді.
ІІI-тарау. Төсек тояты алдындағы
махаббат ойыны
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтық жөні бір басқа.
«Қыз Жібек» жырынан
Сезімтал аймақтар
Төсек ләззатындағы талғам
әрқайсысымыздың ерекшеліктерімізге байланысты
сан алуан болып келеді. Біреумізге ұнағаны енді бірімізге
жат, қолайсыз көрінеді.
Сүйген әйеліңнің балғын денесінің
қандай жерін сипаласаң да, уқаласаң да
тіпті жай ғана емеурін танытып қол үшін тигізсең
де сол жерлері сезімтал келеді. Енді міне сіздер мамық төсек
үстінде жалаңаш дерлік жатырсыз. Жалаңаш дерлік
дейтінім сіздердің жыныс мүшелеріңізді жауып
тұратын лыпаларыңыз әлі де шешілмегені абзал.
Бұл тек қана тәтті сәттерді созуға
мүмкіндік беріп қана қоймай, ышқыр астына
қол жүгіртіп бір-біріңіздің мүшелеріңізді
ұстау, уқалау, аймалаудың өзі сіздерді
қатты қоздырады. Бұл жағдай қатынас
алдындағы көрпе асты ойынының ажырамас бөлігі
деуге болады.
Еркектің салалы саусақтарын әйел баласының
ышқырының астында сезінуі оны толқытып, толғандыратын
керемет қимылдар. Оның тәні рақатқа
кенеліп мейірлене түседі. Ал еркектің лыпасының
астында әйел саусақтарының саралауы оның
қозып түрегеле бастаған аспабын ұстап
сезінуі де ғаламат жыныстық қоздыруға
әкеледі.
Ал егер де ерекше сезімтал жерлерін сипалағанда, ерінмен
өпкенде, тілмен жалағанда адам баласының жаны
жай тауып, айрықша ләззат алады. Құлаққа
ерін тигізіп оны құшырлана сүйіп, құлақтың
сырғалығын сорып, онымен ойнар болсаңыз, әйел
мұндай еркелетуден бойы балқып, балбырап жақындасуға
бір табан жақындай түседі. Ал мұндай сипалау,
сору, денесін уқалау көбейе түскен сайын әйелдің
бұла денесі рахаттанып, тәні түйсініп, өзінің
сүйгенін қапсыра құшақтап бірігіп
кетуді аңсайды. Ал төсек ләззаты туралы сөз
қозғаудың алдында сезімтал (эрогендік) аймақтар
(ләззат аймақтары) жөнінде айтпасқа болмайды.
Ер адам әйелге төсек үстінде еркелете
сөйлеп, құлақтарына сыбырлап ұнамды
сөздер айтқаны абзал, өйткені әйелдер
«құлағымен сүйеді», яғни олар жылы
сөздер айтқанды жақсы көреді.
Сезімтал аймақтардың бірі – әйелдің
қос анары. Анардың ұшының сезімталдығы
көптеген әйелдерді қарсы тұра алмайтындай
құштарлыққа алып келеді. Емшектің
үлкен-кішілігі мұндай әсерге еш ықпалы
жоқ, сондықтан қолыңызбен сипалап, кейде
аялай мытып, ал ұштарын сорып, қайтадан жіберіп ойнасаңыз,
емшектер көтеріліп қатая бастайды, сөйтіп әйел
аңсары ауып төсек тоятына бір елі болса да жақындай
түседі.
Әйелде болсын, мейлі еркекте болсын жыныстық
қозуды және жақындасуға құштарлықты
арттыратын да осы сезімтал аймақтар. Еркекте – ол еркектің
ұлы мүшесінің басы және ұмасы, үлкен
дәрет шығатын тесік пен ұманың арасы.
Әйелдерде – шүртекей (клитор), сыртқы жыныстық
органдары, қынаптың кіре берісі және қынап,
әсіресе жатыр мойнының қынап бөлігі, яғни
– қынаптың «түбі». Сонымен қатар, әйелдің
сезімтал аймақтарына емшектің ұштары, екі емшектің
ортасы, бөксенің ішкі жақтары, желкесі, иегі,
еріндері, мойны, құлақтың сырғалығы
және т.б. кіреді.
Шүртекей ең бірінші сезімтал аймақ болса,
ал қынап маңыздылығы тұрғысынан
екінші орында тұрады. Дегенмен, ер адам осы екі сезімтал
аймаққа және басқа аймақтарға
жыныстық қауышуға дейін және оның
барысында аса мән беруге тиіс.
Ер адамдардың көбісі өз аспабын асыл тұңғиыққа
бойлатуға асығып оның жағалауындағы
бал құраққа мүлде мән бермейтіні
белгілі, ал кейбіреулері мұның не екенін білмейді
де.
Көбінесе еркектердің қателігіне орай, олардың
өздерін билей алмағандықтан, шауһатын
тежей алмауына байланысты туындайтын жұбайлар сәйкессіздігі
көзге көрініп тұрады. Бұл бізде жиі кездеседі.
Қазіргі деректерде тән құмарын қандыра
алмай жүрген әйелдер туралы көп айтылады. Бірін
бірі разы еткен төсек тәттілігі, шындығында,
қазірде көптеген әйелдің арманына айналған.
Анықтамалық
сөздік
Анус – тоқішектің
шығар аузы
Анальды жыныстық қатынас – үлкен дәрет
тесігі арқылы жасалатын анайы жыныстық қатынас
Аноргазмия – жыныстық қатынас кезінде төсек
тояты сезімінің (оргазмның) болмауы
Бейсексуальдылық – жыныстық құштарлықтың
болмауы
Бисексуальдылық – екі жынысқа да тән қасиеттері
бар адам
Вагина – қынап, әйелдің жыныс мүшесі
Вагинизм – қынапқа кіре берістегі бұлшық
еттердің жыныстық қатынас жасауға жол
бермейтіндей құрысып қалуы
Вуайеризм, визионизм – басқалардың жыныс мүшелерін
көру немесе олардың жыныстық қатынасын
бақылау арқылы жыныстық қозу
Гениталий – жыныстық мүше
Гермафродит – еркекшора, интерсексуалдылық, адамның
көбею мүшелерінің туа біткен екіұштылығы,
мұндай адамның жынысын айыру мүмкін емес
Гетеросексуалдылық – қарама-қарсы жыныс мүшесі
бар әріптесті ұнату
Гиперсексуалдылық – жоғары жыныстық құштарлық
Гимен – қыздық перде. Қынапқа кіре берісте
болады. Ол қынаптың ластануына және аурудың
жұғуына жол бермейді, гигиеналық қызмет
атқарады
Гомосексуализм – бір жынысты адамдардың (еркекпен еркектің
немесе әйел мен әйелдің) бір-біріне жыныстық
құштарлығы
Дефлорация – қыздық перденің алынуы, жыртылуы
Дисгенитализм – жыныс мүшелерінің қалыптағыдан
өзгеше дамуы
Жыныстық дисгармония – жыныстық тұрғыдан
үйлесімсіздік, жыныстық серіктесті дұрыс таңдай
алмағандықтан туындайтын әртүрлі жыныстық
бұзылулардың жалпы атауы
Жыныстық фруструациялар – жыныстық қозудың
қанағат таппауы
Жыныстық белсенділік – адамға тән жыныстық
күш-қуаттың молдығы
Зоофилия – адамның жануарлармен жыныстық қатынас
жасауы
Импотенция – белсіздік, жыныстық тұрғыдан қауқарсыздық
Импотент – жыныстық тұрғыдан әлсіз еркек,
белсіз еркек
Инцест – қанның араласуы, жақын туыстар арасындағы
жыныстық қатынас
Кастрация – арнайы немесе кездейсоқтықтан адам ұрығының
қызметтерінің толық тоқтауы, әтек
ету
Коитус, копуляция – жыныстық қарым-қатынас
Контрацептивтер – бойға бала бітудің алдын алатын
дәрі-дәрмектер мен құралдар
Клитор – (шүрті, шүртекей) қынаптың жоғарғы
тұсындағы сына тәрізді төсек ләззаты
барысында аса көңіл аударуды қажет ететін, қозатын
орган
Лесбиянка – тек қана қыздармен қауышатын қызтеке
Либидо – жыныстық құштарлық
Мазохизм – жыныстық серіктесі тәнін немесе жанын қорлағанда
жыныстық қанағат алу
Мастурбация (ипсация, онанизм) – жыныстық қатынассыз-ақ
құштарлығын қандыру
Менархе – бірінші етеккір
Менопауза – әйелдің етеккірінің толығымен
тоқтауы, яғни бала туатын кезеңнен өтуі.
Қазақ мұндай кезеңнен өткен әйелді
«тоқтасқан әйел» деп атаған
Некрофилия – өлі адамға бағытталған жыныстық
құштарлық
Оргазм – төсек тояты, төсектегі қауышудың
ең биік шыңы, рахаттану сезімі, қауышқан
екеудің бойдан жіберуі, яғни жыныс қозу құмарын
тарқату
Педофилия – балаларға бағытталған жыныстық
құштарлық
Перинеальды аймақ – үлкен дәрет тесігі мен жыныс
мүшесінің арасындағы аймақ
Пенис – еркектің ұлы мүшесі
Поза – жыныстық қауышу кезіндегі қалып-күй
Поллюция (латынша – «былғау, жағу» деген сөз)
– еркек шауһатының өздігінен қозу арқылы
еріксіз шығуы, көбінесе ол ұйықтап жатқанда
болатын құбылыс
Порнография – жыныстық қоздыруға бағытталған
жыныстық қатынасты әдепсіз бейнелеу немесе сөзбен
жеткізу
Простатит – қуық асты безінің қабынуы
Проституция – жезөкшелік, жоқшылыққа байланысты
жыныстық қатынасты нан табар кәсіпке айналдыру.
Жезөкшені жалаппен шатастыруға болмайды, себебі, жалап
– киімі көк, қарны тоқ болса да тәні рахат
таба алмағандықтан төсек ойынымен түбегейлі
айналысушы адам. Кейбіреулері есін білгеннен ержанды болып, жігіт
десе жанын салатын, мауқы басылуы қиындау келетіндері
де болады.
Псевдоимпотенция – еркектің жыныстық мәдениетінің
төмендігінен өзінің бойында ешбір бұзылыстар
болмаса да белсізбін деп сезінуі, өзінің еркектік
күш-қуатына күмән келтіруі
Пубертат – жыныстық жетілу кезеңі
Садизм – жыныстық жандасуда екінші жақтың денесін
ауыртумен немесе қорлаумен ғана рақат табу
Сатизм – Қытай, Үндістан тәрізді елдердегі жесір
әйелдердің өздеріне қол салып өлу
әдеті
Садомазохизм – жыныстық қанағат табуда садизм
мен мазохизмді бір-бірін толықтырғыш ретінде қолдану
Сексология – жыныстық өмір туралы ғылыми зерттеулер
мен білімдер саласы
Сексуальдылық – жыныстық белсенділікті, жыныстық
реакцияларды, жыныстық құштарлықты сипаттау
Сексопатология – жыныстық ауруларды (зақымдануларды)
зерттейтін клиникалық медицинаның бөлімі Сексуальдық
ойындар – жыныс мүшелерінің және басқа
сезімтал аймақтарды қоздыру әрекеттері
Сексуальдық мәдениет – жыныстық мәдениет
Сперма – шауһат, ер азаматтың бойынан тояттау кезінде
шығатын ақ түсті қоймалжың зат,
оның ұрығы
Транссексуализм – өзінің биологиялық жынысының
«дұрыс еместігіне» сенуі, қарама-қарсы жыныс
мүшесі болуды тілеуі, құмартуы
Уретра – несеп жолы
Фаллос (фалл, линга) – қатайып тұрған еркектің
ұлы мүшесінің символикалық бейнеленуі
Фригидті әйел – «салқын әйел». Жыныстық
құштарлығы төмен немесе жыныстық
қозуының нашарлығы арқылы көрініс
береді, кейде жыныстық қарым-қатынасты жек көруі
де мүмкін
Фрикция – еркектің ұлы мүшесінің қынап
ішіндегі қимылдары (сүңгітулер, ырғаулар)
Целибат – католиктердегі дін басыларының міндетті түрде
неке құрмауы
Циркумцизио – сүндетке отырғызу
Эрекция – еркектің ұлы мүшесінің немесе
әйелдің шүртекейінің рефлекторды түрде
қанға толып қозуы, қатайып тұруы
Эрогендық аймақ – жыныстық тұрғыдан
қозатын сезімтал аймақ
Эрос – Көне Грекиядағы тәнін құшуға
бағытталған құштарлықтың атауы
Эротика – сексуальдық сезімдер, қиялдар, сондай-ақ
жыныстық құштарлықты арттыра түсетін
барлық нәрселер
Эякуляция – шауһатты бойдан жіберу, еркектің сексуальдылығының
көрініс беруі